Колледжде АПБ-і, ЮПТ-ы инспекторы, полиция капитаны Б.Қапалбайұлы оқытушылармен интернет алаяқтық туралы жиын өткізіп, баяндама оқыды

Колледжде АПБ-і, ЮПТ-ы инспекторы, полиция капитаны Б.Қапалбайұлы оқытушылармен интернет алаяқтық туралы жиын өткізіп, баяндама оқыды.

Интернет-алаяқтық бойынша аудан көлемінде орын алған фактілеріне тоқталып, оның жиі кездесетін түрлерімен таныстырды.

Интернеттегі алаяқтық түрлеріне фишинг, картамен алаяқтық, кибер бопсалау және т.б. жатады. Алаяқтар жалған электрондық пошталарды, веб-сайттарды және әлеуметтік желілерді қолданатын қаржылыық ұйымдар мен жеке тұлғалар ретінде немесе арнайы құқық қорғау органының қызметкері ретінде өзін таныстырып, қажетті мағлұматтарға қол жеткізетінін айтып өтті. Қазақстанда қаржылық алаяқтық пен киберқылмыспен байланысты көптеп интернет-алаяқтық фактілері тіркеліп жатыр. Дегенмен, көптеген алаяқтық жағдайлары тиісті орындарға хабарланбайды, сондықтан нақты сандары белгісіз. Өзіңізді онлайн алаяқтықтан қорғау үшін жеке ақпаратты беру кезінде абай болу, күдікті электрондық пошталар мен сілтемелерді ашпау, сенімді антивирустық бағдарламалық құралды пайдалану және қаржылық транзакцияларыңызды жүйелі түрде тексеру маңызды.

Сондықтан да интернет-алаяқтық туралы сауаттылық және алаяқтық туралы хабардар болу да онлайн алаяқтардан қорғауда маңызды рөл атқаратынын еске салды.


Жарияланды: 10.02.202513:14

Автор: