Кәсіби бағдар беру

Атауы Жүктеу
1 Меморандум 2024 – 2025 жыл
1 Жоспар
1 Мағлұмат

Д. Құрманбек атындағы 20 колледж оқытушысы С. Болысбаева мен өндірістік оқыту шебері Қ. Әмірбеков кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес Т. Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-шы және 11-ші  сынып оқушыларына үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Мектеп түлектері жаңа оқу жылында ашылатын мамандықтармен таныстырылды. Сонымен қатар үгіт насихат жұмыстарын жүргізу негізінде колледжімізде “Ашық есік күні” өткізілді. “Ашық есік күнінде”  мектеп түлектеріне әр мамандық бойынша көрме көрсетіліп, оқу шеберханалары және дәрісханалармен таныстырылды.  Барлық мектеп бітіруші жас түлектерге мамандықты дұрыс таңдауына кәсіптік бағыт бағдар берілді.
“Жаңа Қазақстан .Күшіміз бірлікте!” Өнер фестивалі
Бүгін Отырар ауданындағы Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ” атты Қазақстан халқына жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру, жасөспірімдер мен жастар арасында тақырыптық өнер байқауларын өткізу мақсатында “Жаңа Қазақстан.Күшіміз бірлікте!” айдарымен өнер фестивалі өтті.Жаңа Қазақстандағы жастардың руханиятын көтеру арқылы Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге,елінің Туын, Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге тәрбиелеу.Фестивальге “Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының “директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлы, әдістемелік бөлім меңгерушісі Нығметова Клара Қанбетқызы, көркемдік -эстетикалық пәндер әдіскері Архабаев Нұғман Сманұлы келіп,қазылық етті және өнер көрсеткен өнерпаздардың өнерін тамашалап, шәкірттерге шалқар шабыт,шығармашылық табыс тіледі.

Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж.Мұхтарова Отырар аудандық орталық кітапханасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Халық қаhарманы Қ.Қайсеновтің 105 жылдығына орай “Жау тылында “повесі бойынша “Қазақ баласының тағдыры “тақырыбында оқырмандар конференциясын өткізді.Іс-шара барысында кітапхана қызметкері әйгілі партизан Қ.Қайсеновтің жау тылында өткен өміріне шолу жасады. Повесть бойынша студенттер бірнеше сұрақтарға жеке тоқталып, өз ойларын ортаға салды.

“Мамандықты таңдау- болашақты ойлау”
Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің арнайы пән оқытушысы Б.Досжанов пен өндірістік оқыту шебері А.Әбішов “Отырар жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің “Мамандықты таңдау- болашақты ойлау”тақырыбындағы мамандық таңдау кешіне барып қатысты.Мақсаты: мектеп бітіруші түлектердің мамандық таңдау мәселесінде белсенділігін арттыру,мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қабылдауды қалыптастыру.

Д.Құрманбек атындағы №20 колледж 2023-2024 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес колледж оқытушысы А.Тасжанов Отырар ауданына қарасты Темір ауылындағы С.Әлиев атындағы орта мектебіне барып, 9-шы және 11-ші сынып оқушыларына үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.Насихаттау жұмысы барысында оқушылар колледждің тыныс тіршілігі және қандай мамандық оқытылатындығы туралы толық мағлұмат алды.

#КәсібиБағдарБеру


“МАМАНДЫҒЫМ- МАҚТАНЫШЫМ “

Д.Құрманбек атындағы №20 колледж оқытушылары ауданымыздағы “Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектебі”коммуналдық мемлекеттік мекемесінің “Мамандығым мақтанышым”тақырыбындағы мамандық таңдау кешіне қатысты .Мақсаты:мектеп бітіруші түлектердің мамандық таңдау мәселесінде белсенділігін арттыру,мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қабылдауды қалыптастыру.Оқушылар үшін мектепті аяқтағаннан кейін маңызды таңдау жасау қажет болады. Ол -мамандық таңдау.Насихаттау жұмысы барысында педагогтар колледж туралы толық мәлімет беріп,оқушылардың сұрақтарына жауап берді.Жастарға кәсіби бағдар беру-мамандық таңдаудағы маңызды шара.

#Мамандық_таңдау_кеші

Всего комментариев: 0