«Күш атасы — Қажымұқан»

Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің студенттері арасында өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Г.Құрманбекованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай және Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойына байланысты «Күш атасы — Қажымұқан» атты Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт мұражайына Zoom платформасы арқылы онлайн саяхат сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты: атақты палуан Қажымұқан атамыз жайлы көптеген мағлұматтар алып, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы айтылды. Мұражай ішіндегі экспонаттарға жеке-жеке тоқталып, онлайн таныстырылды.
Сабақ соңында мұражай қызметкері М.Ескермесоваға колледж студенттері өздерінің сұрақтарын қойып, көптеген мәліметтер алды.

 


Жарияланды: 28.05.202108:44

Автор: