Хабарландыру
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы “Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі” Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” №355 бұйрығына сәйкес өңірдегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына ұсыныс хаттар түсуіне байланысты, 2020 жылғы 10 ақпандағы №32 бұйрықпен білім беру ұйымдарына қайта құрылған қамқоршылық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілетінін хабарлайды. Қамқоршылық кеңеске мүше болуға мүшелеріне үміткерлер а.ж 12 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында тиісті білім беру ұйымдарына немесе a.rustemova@ontustik.gov.kz электронды поштасына жазбаша келісімдерін ұсынуы тиіс.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1)жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2)жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
3)коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері(бар болса);
4)ата-аналар комитеті ұсынған әрбір паралелль сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5)қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.
Ескерту:
Қамқоршылық кеңес құрамына бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынас жоқ азаматтар ғана кіреді;
қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.