Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен…

Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт – дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін студенттердің бойына сіңіру, бейбітшілікте, татулықта өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде 1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым» атты іс-шарасы өтті.
Шуақты көктемнің алғашқы мерекесі күні адамдар бір – біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір – біріне алғыс айтады. Осы тұста колледж студенттеріде барша қазақ еліне, ұлағатты ұстаздарына, бүгінгінің батырларына алғыстарын білдірді.

Жарияланды: 16.04.202215:15

Автор: