Экономиканың басты өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген мамандар
«Экономиканың басты өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген мамандар» тақырыбындағы аймақтық семинар барысында колледжіміздің «Отырар» сабыны, “Оқу-тәжірибелік бөлме жылыжайы”, «Отырар-тары» өнімдері, колледжіміздің тігінші мамандарының, автомеханика мамандығы бойынша әзірленген көрме, “Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі” МКҚК-ның көрмесі, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның «Этнографиялық жәдігерлерінен көшпелі көрмесі» және Аудандық орталық кітапханасының «Көне де жаңа Отырар – қазақ тарихының алтын тұмары» атты көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, Мәдениет сарайының мерекелік концертімен жалғасып, «Жастар аллеясының» салтанатты ашылуымен қорытындыланды. Ашылу рәсімінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Азамат Досанов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Темірбеков лентаны қиып,шашу шашылып, соңы отшашуға ұласты.


