«Ең оқуға құштар топ»
«Оқуға құштар колледж” жобасы аясында жастар ісі жөніндегі инспекторы Н.Самидинова «Ең оқуға құштар топ» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырды. «Кітап – білім бұлағы,білім – өмір шырағы»деген қазақ даналығы бекер айтылмаса керек. Еліміздің болашағы жарқын болу үшін,ең алдымен жастарымыз білімді, кемел мінезді, ойы, сөзі, ісі бір,бәсекеге қабілетті, рухани деңгейі жоғары, кәсіби маман болуы қажет. Жастарды кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге тіл байлығын арттыру.