Еңбек жолы
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылғы 20 ақпандағы №6/-12-696 хатына сәйкес 2025 жылы Еңбек күні мен “Еңбек жолы” конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс шаралар жоспарының 5 -тармағына сәйкес Д.Құрманбек атындағы № 20 колледжінде ll курс білімалушыларына “ Жұмысшы мамандықтарының жылы” тақырыбында студенттік пікірталас өткізілді. Мақсаты: Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау, еңбек адамының мәртебесін арттыруға қадам жасау.