Еңбек адамы – елдің тірегі!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, еңбек адамдарының қоғамдағы орнын айқындап берді. Осындай еңбек майталмандарының бірі –Ділдәбеков Қанат Әбдірайұлы, Темір ауылындағы «ӘБДІРАЙ АТА» СТО автокөліктерге техникалық қызмет көрсету шеберханасында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келеді.
Жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігі үшін аудан тұрғындары арасында зор беделге ие. Баласы Қанатұлы Бекмұрат Дәуренбек Құрманбек атындағы №20 колледжінің түлегі, әрі жастайынан әкесінің сенімді көмекшісі болып еңбек етуде.
«ӘБДІРАЙ АТА» СТО  автокөліктерге техникалық қызмет көрсету шеберханасы 1985 жылдары Темір ауылында құрылған. Заманауи құрылғылармен жабдықталған шеберханада автокөліктерге сапалы техникалық қызмет көрсетеді.
Осындай еңбекқор отбасылар – еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан қарапайым азаматтар. Еңбекке адал жандарды дәріптеу – болашақ ұрпаққа үлгі болмақ.
#ЖұмысшыМамандықтарыЖылы


Жарияланды: 04.07.202513:09

Автор: