Деструктивті діни ағымдардан сақтану
Д.Құрманбек атындағы 20 колледж студенттерімен “Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу” тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты жасөспірімдерге теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу туралы терең түсінік беру. Сондай-ақ жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
Кездесу жиынын Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалымжан Сарсеков ашып, жүргізіп отырды.
Жиын барысында Түркістан облысы дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, дінтанушы маман Жорабек Жалғас Мұхтарұлы баяндама жасап, жастарға теріс діни ағымдардың зияндығы жайлы түсіндіріп, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардан аулақ болуға шақырды. Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан-жақты білім алуға ұмтылған азамат болып өсуі тиіс екендігі туралы айтып өтті.