«Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің 40 жылдығына орай Наурызнама онкүндігі аясында “Таза Қазақстан”, “Жасыл аймақ – жарқын болашақ” экологиялық акциясы өтті.»
Іс-шара Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық рух пен дәстүрдің жарасымды үйлесімін айшықтаған тағылымды басқосуға ұласты. Көңілдерді шаттыққа бөлеген кеш Қыдыр атаның ақ батасымен басталып, береке мен бірліктің нышанын сезіндірді.
Жиынның шырайын кіргізген жастар ұйымының төрайымы А. Қырғызбайдың ұйытқы болуымен колледж ұстаздары сахна төріне шығып, Наурыз мейрамы мәнін тереңнен толғаған әсерлі көрініс ұсынды. Ұлттық киімге бөленген кейіпкерлер, салт-дәстүрден сыр шерткен сахналық қойылым көрермендерді өткен мен бүгінді жалғаған рухани көпірге жетелеп, көктемнің жаңару лебін сезіндірді.
Одан әрі жалғасқан концерттік бағдарлама аудандық мәдениет сарайының өнерпаздарының өнерімен әрленіп, ән мен күй, би мен жыр бір арнада тоғысты.
Колледж директоры Қордашбеков Бақдәулет Жақсылықұлы келген қонақтар мен қатысушыларды Наурыз мейрамы – Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Өз сөзінде «Д. Құрманбек атындағы №20 колледжінің 40 жылдығы» аясында ұйымдастырылып отырған «Наурызнама» онкүндігіне тоқталып, аталған мерекелік іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» және «Жасыл аймақ – жарқын болашақ» тақырыптары бойынша баяндама жасап, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзін Отырар ауданы әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлына, Түркістан облысы білім басқармасына қарасты мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық ұйымының төрағасы Байғұтов Нышан Тасболатұлына берілді.
Колледждің дамуына атсалысқан демеушілеріміз «Қазатомөнеркәсіп», «Ұлттық атом компаниясы» Акционерлік Қоғамы әлеуметтік жұмыс департаментінің бас менеджері Иманғалиев Бақыт Сайынұлы
-«Қазатомөнеркәсіп», «Ұлттық атом компаниясы» Акционерлік Қоғамы «Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғыз шетелдік инвестициялармен бірлескен кәсіпорыны Акционерлік Қоғамы бас директоры Қанат Есенгелдіұлы
-«Қазатомөнеркәсіп», «SaUran» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас менеджері Тоқпанбетов Мұхаммедханапия мырза колледж ұжымы мен қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп, Наурыз мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ, арнайы құттықтау сөзі Шардара ауданы білім бөлімінің басшысы Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызына берілді.
Қонақтарға материалдық техникалық базасы таныстырылып, «Жасыл аймақ» алаңында жеміс ағаштарын отырғызумен жалғасты.




