Д Құрманбек атындағы №20 колледжі студенттік парламент мүшелерінің қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды.
Д Құрманбек атындағы №20 колледжі студенттік парламент мүшелерінің қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды. Шара аясында колледж ауласында учаскелерде арық атыздар тазаланып, көшет талдар отырғызылып, роза гүлдер егілді. Табиғаттың бар көркін ашар ағаштарға, гүлдерге үнемі күтім жасап, баптау аса маңызды.
Туған топырағымызды таза ұстап, абаттандырып, жасыл желекке бөлеу – баршамыздың басты борышымыз. Алдағы уақытта көгалдандыру мен тазалық жұмыстары жүйелі түрде өткізілетін болады.