Бос лауазымдық қызметке конкурс жариялайды

Бос лауазымдық қызметке конкурс жариялайды

Түркістан облысының білім басқармасының Отырар ауданы, «Д.Құрманбек атындағы №20 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қызметке конкурс жариялайды.

1. «Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы,

Жүктемесі: 384 сағат

Жұмыс мерзімі: Тұрақты

Үміткерлер құжаттарын e – mail: 20 – kolledj@mail.ru поштасына жолдаулары қажет.

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы Д.Алтынбеков көшесі А 24.

Байланыс номері: 8/725/ 44 – 21 – 9 – 48

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1)10 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып,Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4)Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог – модератордың, педагог – сарапшының,педагог – зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)

10) 11 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылғын Бағалау парағы.

11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720*480

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар,біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

107 – тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу – тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

педагогикалық этиканың негізгі нормалары;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптк білім,жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог – модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог – зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;педагог – шебер үшін – 5жыл.


Жарияланды: 21.11.202412:31

Автор: