Біз туралы

Д.Құрманбек атындағы №20 колледж

 

«Д.Құрманбек атындағы «№20 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» 1986 жылы 14 ақпандағы Шымкент облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасының №174 бұйрығына сәйкес, №36 кәсіптік-техникалық училище болып ашылған.

Алғашқы директоры аудандық идеология бөлімін басқарған Т.Мұсатаев болды.

Т.Мұсатаев өзінің іскерлігі арқасында аз уақыт ішінде құрамы жас, талантты,білікті ұжым қалыптастырды. Алғашқы жылдары үш мамандық бойынша 300 оқушы қабылданды.

Оқушыларға кәсіптік білім берумен бірге жан-жақты тәрбие беру ісіне зор көңіл бөлінді. Училище  жанынан құрамында 70 жуық оқушы мен мұғалім енген «Фараби сазы» фольклорлық ансамблі құрылып, оны басқаруға облыстан  арнайы мамандар шақырылды. 1991 жылы «Халықтық көркемөнерпаздар» театр атағы берілді.

1996 жылы  Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің №261 бұйрығына сәйкес №20 кәсіптік-техникалық мектеп болып ашылды.

1996-2006 жылдар аралығында кәсіптік-техникалық мектепті А.Додабай басқарды.

2002 жылы кәсіптік-техникалық мектепке қуғын-сүргін құрбаны Д.Құрманбек есімі берілсе, 2003 жылы «Д.Құрманбек атындағы «№20 кәсіптік мектеп» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

2006-2013 жылдар аралығында аталған мекемені Ж.Мұсатаева басқарса, 2013 жылдың қазан айынан бері Т.Бейсен басқарып келеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы №19 қаулысымен «Д.Құрманбек атындағы «№20 кәсіптік лицей»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып құрылса, 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №394 қаулысына сәйкес «Д.Құрманбек атындағы «№20 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.

Всего комментариев: 0