БІЛІМДІ АДАМ АДАСПАЙДЫ

БІЛІМДІ АДАМ АДАСПАЙДЫ
Қазіргі таңда діни сауатсыздығының кесірінен ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін жатқа жалтаңдап, халқымыздың салты мен дәстүріне керағар дүние жасап жатқандар жиі кездесіп жатады. Жат ағымды жақтаушылар арасында жасөсіпірімдердің болуы бұл салаға ерекше көңіл бөлуді қажет ететіні анық. Жастарымыздың осындай қателіктерге ұрынуына басты себеп – дұрыс пен бұрыстың аражігін ажырата алмай ғаламтор беттеріндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіруі. Діни сауаттылығы әлсіз адамдарды бұл үлкен қатерге алып баруда. Ұлттық құндылықтарымызға, ұстанып отырған салт-дәстүрімізге қайшы келетін жат ағымдар қоғамға да адамға да кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан жастар арасында мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырудың маңызы зор.
Осы орайда бүгін колледжімізде «Жасөспірімдер арасында жат діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында колледж студенттермен кездесу өтті.
Кездесуге «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің теолог маманы Б.Өтеген мен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Жандарбековтер қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиында тақырып аясында қоғамдағы өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталған қонақтар технология дамыған заманда жастарымыз бар ынта-жігерін тек білім алуға жұмсау керектігін атап өтті. Ол өз сөзінде ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аударудың маңыздылығына тоқталып өтті.
Бердуәлі Өтеген жастарды теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды. Іс-шараның соңында студенттер аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.


Жарияланды: 29.09.202209:14

Автор: