“БАБАЛАР ҮНІ” халық әндер байқауы
15.12.2022 жылы “Оқуға құштар колледж “жобасы аясында колледжіміздің “Көркемөнерпаздар “үйірмесінің жетекшісі А.Сапарбаев және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.Болысбаеваның ұйымдастыруымен байқау өткізілді. Мақсаты:Фольклордың бейнесі болып табылатын халық әндерін насихаттау.Жастарды азаматтылыққа,отансүйгіштікке,зиялылыққа,адам құқықтары мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу. Өзінің және қоғамның болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік,табиғи және мәдени ортадағы өз іс – әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуіне гуманистік дүние танымды қалыптастыру. Студенттерге халық әнінің басқа әндерден ерекшелігін, адамның жан дүниесіне тигізер әсерін сезіндіру. Ұлттық дәстүріміздің,құндылығымыздың жоғалмауын насихаттау. Отансүйгіштікке,патриоттыққа тәрбиелеу.