«Бақытты  балалар бейбіт  елдің тірегі»

«Бақытты  балалар бейбіт  елдің тірегі»

Колледжіміздің  ІІІ курс  «Тігінші» мамандығының студенттері  1-маусым  балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» ұранын ұстана отырып, ауданымыздағы көп балалы отбасылар мен  тұл жетім отбасынан шыққан балаларымызға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында құттықтап үйлеріне  барып, кішігірім сый-сияпаттарын тарту етті.

«Біздің болашағымыз біздің қолымызда» деген студенттеріміз арттарынан еріп келе жатқан іні-сіңілілеріне қызықты әңгімелерін айтып, түрлі сұрақтарына жауап беріп, балапандармен бірге ойын да ойнады.

Бітіруші түлектерімізге риза болған ата-аналар да алғыстарын айтып, шәкірттерімізге жақсы маман иесі болуларына тілектерін білдірді. Осындай іс-шараны ұйымдастырған топ жетекшісі Құрманбекова Гүлжан Медеубекқызына да ата-аналар үлкен рақметін айтты.


Жарияланды: 03.06.202110:36

Автор: