Ата -аналар жиналысы

Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде біліктілігі “Есептеу техникасы және ақпараттық қызмет ету”  №317 оқу тобының кураторы білімалушылардың ата-аналарымен жиналыс өткізді. Жиналысқа колледждің педагог-психологы А.Махатова мен әлеуметтік педагог  М.Сәбденова қатысып, ата-аналармен өзара сұхбаттасты.
В.Сухомлинский айтқан екен: “Тек ата-аналармен біріге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында ұстаз балаларға үлкен адамдық бақытты береді”.
Жалпы студенттердің сабаққа қатысымы,үлгерімі,тәртібі туралы мәселелер қозғалды.
Жиналыстың мақсаты: ата- аналар арасында жағымды қарым-қатынас орнату,сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау.


Жарияланды: 26.02.202509:37

Автор: