«Ашық есік» күні іс-шарасы өткізілді

Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінің «Кәсіптік бағдарлау» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей интернатының 9-шы сынып бітірушілері қатысуымен «Ашық есік» күні іс-шарасы өткізілді. Шара барысында оқушылар колледждің материалдық техникалық базасымен танысып, оқытылатын мамандықтар бойынша мағлұматтар алды.
Сонымен бірге, колледж оқытушылары Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебі мен П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің мамандық таңдау кештеріне қатысып, бітіруші сынып оқушылары мен ата-аналарына колледж туралы бейнероликтер көрсетіп, биылғы жаңа оқу жылына ашылатын мамандықтар туралы тұщымды мәліметтер берілді.

#Ашықесіккүні

#Кәсіптікбағдарлау

#ДҚұрманбекатындағыколледж

#ТүркістанОблысыБілімБасқармасы


Жарияланды: 28.02.202313:34

Автор: