“Ашық есік күні”
Д.Құрманбек атындағы 20 колледжінде «Ашық есік» күніне Ергөбек негізгі мектептің мұғалімдері және оқушылары келді. Колледжде даярланатын мамандықтар туралы, мектеп бітіруші түлектерге мамандықты дұрыс таңдау жасаулары туралы айтылды. Заманауи оқу құралдарымен жабдықталған оқу кабинеттері, зертханалары, оқу-өндірістік базасы, кітапхана, спорт зал және студенттер жатақханасы көрсетілді.