Ашық есік күні

Д.Құрманбек атындағы 20 колледжіне ауданымыздың мектептерінен Ш.Қалдаяқов мектеп гимназиясының, Жамбыл мектеп лицейі және Сарыкөл негізгі мектебінің 9 – шы сынып оқушыларымен колледж базасында “Ашық есік” күні іс – шарасына орай экскурсия жасады.
Шараның мақсаты: Мектеп бітіруші түлектердің мамандық таңдау мәселесінде белсенділігін арттыру, мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қабылдауды қалыптастыру. Оқушылар үшін мектепті аяқтағаннан кейін маңызды таңдау жасау қажет болады. Ол – мамандық таңдау. Кей оқушылар тоғызыншы сыныптан соң арнаулы орта оқу орындарына оқуға түсуге шешім қабылдайды. Насихаттау жұмыстары барысында педагогтер колледж туралы толық мәлімет беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Жастарға кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өсіруге, оқытуға, жетелейді. Мектеп оқушылары колледждегі мамандықтармен танысты.


Жарияланды: 06.05.202512:44

Автор: