Қаржылық алаяқтықтың алдын-алу және қаржылық қауіпсіздік негіздері
Бүгін Түркістан облысы білім басқармасының, Д.Құрманбек атындағы 20 колледжде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі, Түркістан облысы экономикалық тергеу-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен колледж студенттеріне «Қаржылық алаяқтықтың алдын-алу және қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары болып өтті.
Семинарға Түркістан облысы экономикалық тергеу-тексеру департаментінің офицері Сабыр Аманбай Ерманұлы, Отырар ауданы білім бөлімінің басшысы Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлы және Отырар ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы Досанов Азамат Әлімбайұлы қатысты.
Семинар барысында Аманбай Ерманұлы тақырып бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп сөз сөйледі, колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Жархынбеков Талапжан Сағатқұлұлы «Қаржылық қауіпсіздік негіздері» алаяқтықтың алдын-алу, оған жол бермеу жөнінде арнайы презентация жасап, «Дроптар» деген кімдер, қаржылық алаяқтардың тұзағына қалай түспеуге болатындығы жөнінде толыққанды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, баяндама жасады.
Колледж директоры Бейсен Талғат Қайбылдаұлы семинарды қорытындылап, қатысушыларға алғыс білдірді.
#қаржылықсауаттылық
#білімбасқармасы