Алаяқтық, тұрмыстық зорлық зомбылық, қылмыстың алдын алу
Бүгін Д.Құрманбек атындағы №20 колледжде Отырар АПБ ЮПТ аға инспекторыюы, полиция подполковнигі Т. Меңлібаев және Отырар АПБ ЖПҚб полиция аға лейтенанты З.Надирова “Алаяқтық, тұрмыстық зорлық зомбылық, қылмыстың алдын алу” тақырыбында колледж қызметкерлеріне семинар өткізді. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы еркін , ашық сұрақ -жауап форматында семинар өтті.
“Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды” деп Б.Момышұлы айтқандай,еңбек тәртібін сақтап,заңды құрметтеп,тыныш жүрсең,одан ешкім де ұтылмайды.