Алғыс айту

1-ші Наурыз “Алғыс айту” күніне орай 4 ақпан – 1 наурыз аралығында “Алтын жүрек” челленджі өткізілуде. Шара аясында №20 колледжде Еріктілер құрамы мен топ жетекшілері А.Төребекова және Ж.Қабыловалардың қатысуымен Шәуілдір ауылының тұрғыны зейнеткер Айпаш Даулбаева апамыздың шаңырағына барып, үй іші мен сыртқы шаруашылықтарына қолғабыс етті. Аулада тазалық жұмыстарымен қатар, отын бұтап, қарт анамыздың ақ батасы мен ыстық ықыласын алып қайтты.

Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын таппақ!


Жарияланды: 16.04.202209:29

Автор: