“AgroSkills” халықаралық кәсіби шеберлік байқауы
2021 жылы 14-15 қазан күндері Жамбыл облысы, Меркі ауданында, №9 Меркі колледжде “Ауыл шаруашылығын механикаландыру” мамандығы, “Ауылшаруашылығы тракторшы-машинист” құзыреттілігі бойынша студенттер арасында “AgroSkills” халықаралық кәсіби шеберлік байқауында Д.Құрманбек атындағы №20 колледжден №271 оқу тобының студенті Уалихан Ақжан Нұрлыханұлы, жетекшісі Иманбердиев Біржан қатысып, жүлделі ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталып, мерейімізді асқақтатты.
Байқауға Қырғызстан Республикасының колледж студенттері де қатысты.
Байқау 5(модуль) бөлімнен тұрады.
1.Модуль “А”- Полеся, Есіл-комбайндарымен жұмыс.
2.Модуль “Б”- Табиғи және екпе шөптерді баулауға арналған” Sipma” прессін жұмысқа дайындау.
3.Модуль “С”- 2ПТС-4 подшипниктерін реттеу.
4.Модуль “Д” – Тракторға артылған соқаны шектеулі қақпаға артқы беріліспен айдап кіргізу.
5.Модуль “Е” – Жер айдау.
Бес модульді де мүдірмей орындап, халықаралық байқауда жүлделі ІІ орын алған Уалихан Ақжан мен Иманбердиев Біржанды барша колледж ұжымы құттықтай отыра, шығармашылық табыс пен еткен еңбектері жана беруіне тілек білдірді!!!