АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Д.Құрманбек атындағы №20 кәсіптік колледж ғимаратында  Отырар аудандық орталық ауруханасы “Жастар денсаулық орталығы” және “Жастар Ресурстық орталығының ішкі істер бөлімінің мамандары  бірлесіп, жастар арасында ерте жүктіліктің алдын-алу қыз баланың физиологиялық және биологиялық даму ерекшеліктері, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы, салауатты өмір салтын сақтаумен, зиянды әдеттерден аулақ болу және жастар арасында  нашақорлыққа жол бермеу сынды бірнеше өзекті тақырыптарда колледж студеттеріне  ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

📍Ақпараттық түсіндірме жұмыстарының мақсаты: Жастар арасында түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу, оларды зиянды әдеттерден сақтандыру мен бойларына ұлттық тәрбиені сіңіру және қалыптастыру.

✔️Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында  түсіндірме жұмыстары мен қатар үн парақшалар таратылды.Одан әрі жиынға қатысушылар жас ұрпақтың болашағымен тәрбиесіне қатысты біршама өзекті ойларымен пайымды пікірлерімен бөлісті.


Жарияланды: 23.09.202210:49

Автор: