«Шығармашылық ізденіспен кәсіби тәжірибе – шеберлік шыңдау кепілі»


2025 жылдың 5 – наурыз күні «Кәсіби пәндер» бірлестігінің онкүндігінің аясында, колледж әдіскері Абенова Айбарша Анарбайқызының ұйымдастыруымен «Шығармашылық ізденіспен кәсіби тәжірибе – шеберлік шыңдау кепілі» тақырыбында колледжішілік бірлестіктер арасында сайыс болып өтті:
Сайыстың мақсаты: Мақсаты: инженер – педагогтер оқытушылардың білім мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық әдебін, білімдерін саралау.
Сайыс 4 бағыт бойынша өткізіледі:
Модуль1. Таныстыру
Модуль 2. «Мен таңдаған мамандық – бір әлем»
Модуль3. «Үздіксіз білімге сапар»
Модуль4. «Сәттілік серігіңіз болсын»
Сайыс СІS бағдарламасы бойынша баллдық жүйеде есептелді. Сайыста жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
#жұмысшымамандықтаржылы
#жұмысшыларжылы


Жарияланды: 07.03.202509:16

Автор: