2025 жыл: ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ

Д.Құрманбек №20 колледжде «2025 жыл: Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілетін ашық сабақтар кестесіне сәйкес математика пәнінің оқытушысы А.Туребекова «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» №317 оқу тобымен «Комбинаторлық есептер. Қосынды ережесі және көбейтінді ережесі» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ барысында светофор әдісі бойынша үш топқа бөлінді, жеке, топтық, жұптық тапсырмалар болды.

Әр тапсырма тақырыпқа сай алынған. “Wordwall”, “Socrative”, платформалары арқылы топқа бөлу, топтық жұмыс тапсырмаларын орындады.

Сабақ барысында “Принтер”әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Білім алушылар берілген түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабаққа белсене қатысты.

Әдістер білім алушының жас ерекшелігіне байланысты алынған. QR код нұсқада жасалған ашық сабақтың “Қысқа мерзімді жоспары” және мұғалімдергеде кері байланыс парақтары таратылды.””Пән мен мамандық кіріктірілген сабақ күнделікті өмірден көрініс тауып І курс студенттері үшін тартымды өтті.

#ЖұмысшыМамандықтарыЖылы

#жұмысшыларжылы

#жұмысшымамандықтаржылы


Жарияланды: 05.03.202508:46

Автор: