2021 жылдың 25-30 қазан аралығында өткізілетін “Жасөспірім” алдын алу жедел профилактикалық іс-шара жоспары бойынша қыз балалармен және ұлдармен жиналыс өткізілді
28.10.2021ж. күні “Д.Құрманбек атындағы №20 колледж” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Отырар аудандық полиция бөлімінің жедел профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу мақсатында 2021 жылдың 25-30 қазан аралығында өткізілетін “Жасөспірім” алдын алу жедел профилактикалық іс-шара жоспары бойынша қыз балалармен және ұлдармен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында АПБ-нің инспектор полиция капитаны Орымбай Арман Сұлтанұлы мен полиция аға лейтенанты Сәкен Абенов: Әлеуметтік желідегі бөтен адамдарға сеніп алданбаулары керек.Тик-ток тағы басқа ғаламтордағы алаяқтық сайттарға кірмеу, телефонды тиімді пайдалану, сонымен қатар сабақтан себепсіз қалмау,сабақтан қашпау керектігі жайлы айтып, осындай студенттердің ата-аналары айыппұл төлейтінін ескертті. Колледж психологі Г.Сәрсембі: Студенттердің арасында болып жатқан әлімжеттік, зорлық -зомбылық және суицид жағдайларын болдырмау оны алдын-ала анықтау мақсатында жүйелі жұмыстар жасалып жатқандығын айтты.Қиын жағдайға тап болған студенттер колледж психологына немесе колледждің кіре берісінде қойылған сенім жәшігіне хат жазып тастауына болатынын және құпия сақталатынын ескертті.