“Бір өлке – бір кітап”
Колледжімізде “Оқуға құштар”жобасы аясында “Бір өлке – бір кітап” тақырыбында акция өткізілді. Іс – шара барысында Отырар аудандық кітапхана кітапханашылары “Отырар – оқитын өлке” тақырыбында кітап көрмесін қойып, студенттерді тарихы бар құнды кітаптармен таныстырды. Іс- шара барысында қазақ тілі пәнінің оқытушысы Г.Құрманбаева Ә.Нұршайықов өмірінен естеліктер айтып, студенттерді кітап оқуға шақырды. Сонымен бірге А. Сапарбев ағай Абайдың “Көзімнің қарасы” әнін домбырамен орындап, әсерлі көңіл күй сыйлады.
#Оқуғақұштарколледж
#БірӨлкеБірКітап
#ОтырарОқитынөлке
#ТүркістанОблысыБілімБасқармасы