15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына…
33 жылдығына орай Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде А.Сапарбаев, А.Төребекова, А.Қырғызбайдың ұйымдастырумен Ауған соғысының ардагері Бейсе Орынбектің студенттермен кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты – майдангер ағаларымызбен Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқаты жайында сыр-сұхбат жүргізіп, ел үшін, Отан үшін от кешіп, қан майданнан парыздарын атқарып келген ардагерлеріміздің ерен ерліктерін жас ұрпаққа үлгі ету, насихаттау. Жастарды отансүйгіштікке, батылдыққа, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Құрметті Ауған соғысының ардагерлері! Сіздерге ұзақ ғұмыр, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт тілейміз! Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, еліміз тыныш, жұртымыз аман, бейбітшілік заман болсын!