1 – Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні
Д.Құрманбек атындағы №20 колледжінде 1 мамыр Қазақтан халқының бірлігі күні мерекесіне орай “Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан” атты тақырыпта №317 оқу тобында кураторлық сабақ өткізілді.
Қазақстан Республикасы мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа,бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді.Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір,мақсат- мүддесі ортақ ,бірлігі мықты,достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне , ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды,сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы,бауырмалдығы үшін ерекше бағалайды,бастысы өздері қоныс еткен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте,туыс болуды көздейді.Бүгінгі кураторлық сағаттың мақсаты студенттер арасында достық қарым -қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру,Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.