Блог директора

Өмірбаян

Бейсен Талғат Қайбылдаұлы

1966 жылы 2 наурызда Шәуілдір ауылында туылған. Білімі жоғары, Инженер-педагог, тарихшы, құрылысшы.

1983 жылы Жамбыл орта мектебін үздік бағамен бітірген. Сол жылы Шучинскідегі құрылыс техникумына оқуға түсті.

1984-1986 жылдары әскер қатарында болды.

1986 жылы Ауыл шаруашылық институтында оқып жүріп желтоқсан көтерілісіне қатысып жазаға тартылған.

1987 жылы №202 ПМК-да бетоншы болып еңбек етті. 1987 жылдың күзінде комплекст бригаданың бригадирі, учаске мастері болды.

1986-1991 жылдары Армения Республикасында зілзала зардабын жою жұмыстарына қатысы.

1993-2005 жылдары Шәуілдір ауылындағы Д.Құрманбек атындағы №20 кәсіптік мектепте арнайы пәндер оқытушысы, бірлестік жетекшісі болды.

2005-2010 жылдары «Шеңгелді» жалпы орта мектеп директоры

2010-2013 жылдары «А.Дәрібаев» атындағы жалпы орта мектеп директоры.

2013 жылы Д.Құрманбек атындағы №20 колледж директоры.

 

Қоғамдық жұмыстары.

1991- жылдан «Желтоқсан» ұйымының аудандық бөлімшесінің төрағасы.

1995-1999 жылдары «Азат» қозғалысының Отырар аудандық бөлімшесінің төрағасы.

2003 жылдан бастап Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясының Отырар ауданындағы өкілі.

Білім мен тәрбие беру мәселесіне арналған мақалалар БАҚ-тарда жарияланып тұрады. Жас Алаш газетіне шыққан «Ұлттық ұланы емес ұрудың қолшоқпары» атты мақаласы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың назарына ілігіп, осы мақаладағы қозғалған мәселе жөнінде арнайы заң шығаруға сол кездегі Прьер министр И.Тасмағанбетовке тапсырма берген болатын. Ол туралы «Жас Алаш» газетінің бірінші бетіне жрияларды.

«Дадем»  демократиялық дамыту орталығының төрағасы.

1996 жылы Халықаралық Демократиялық дамыту институты мен Коунтерпарт Консурциум ұйымы ұйымдастырған Қазақстан және орта Азия елдерінде  халықаралық «Әйел. Қоғам.Даму» конкурсында Т.Бейсен жасаған жоба бас жүлдені жеңіп алды.

1998 жылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі бойынша жасаған жоба халықаралық фонд Сорос-Қазақстан қорының 10400$ көлеміндегі жүлдесін жеңіп алды.

Сұрақ қою

  Подписаться  
Уведомление о